Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Жаңалықтар
view 11
news

Фото

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын өндіру жүйелі түрде дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 14,5%-ды құрады. Ал ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 7%-ға жетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Ірі су электр станцияларын қоса есептегенде, ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылғы 9,5 млрд кВт·сағаттан 2025 жылы 17,9 млрд кВт·сағатқа дейін өсті. Олардың жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 10,4%-дан 14,5%-ға дейін артты.

Соңғы он жылда ірі су электр станцияларын есепке алмағанда, ЖЭК үлесі 2015 жылғы 0,6%-дан 2025 жылы 7%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар осы көздерден өндірілген электр энергиясының көлемі 536,5 млн кВт·сағаттан 8 693,6 млн кВт·сағатқа дейін, яғни 16 еседен астам артты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *