Жеңіс Қасымбектің «сыңары» табылды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Қырғызстан Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Айбек Маткеримовтың бірге түскен суреті тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo-ға сілтеме жасап.
Желі қолданушылары екі ел шенеунігінің бір-біріне егіздей ұқсайтынына таңғалып, түрлі пікір жазып жатыр. Суреттен екі мемлекеттік қызметкердің бет-әлпеті, шаш үлгісі мен дене бітімі де бір-бірінен аумайтынын байқауға болады.
Бұл сурет көпшіліктің назарын аударып, екі бауырлас халықтың достығы туралы жылы лебіздерге арқау болды. Көпшілік мұны жақсылыққа жорып, екі ел арасындағы тығыз байланыстың тағы бір көрінісі деп бағалады.
«Екі халықтың бауырластығы тіпті шенеуніктерімізден де көрініп тұр», «Бір-бірінен аумай қалыпты», «Жоғары лауазымды егіздер» деп жазды желі қолданушылары.
Пікірлер (0)