Зеренді ауданында ақ жаулықты әжелер ерекше атмосфера қалыптастырды

Жаңалықтар
view 30
news

Фотосурет: Ақмола облысының әкімдігі

Бүгін Зеренді ауданы сайлау учаскелерінде ерекше атмосфераны аға буын өкілдері қалыптастыруда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ақ жаулық жамылған әжелер сабырлы даналықпен, зор абыроймен өз азаматтық борышын орындау үшін келуде. Олардың көбі бірге келіп, бірдей қамзолдар мен ақ жаулықтарын киіп, өзара бірлігін, татулығын және дәстүрге деген құрметін көрсетті.

Ерекше сәттердің бірі - олардың баян сүйемелдеуімен ән айтып келуі болды. Бұл көрініс сайлау учаскелерін жылылыққа, көтеріңкі көңіл күйге және халықтық дәстүр рухына бөледі. Олардың дауыстары мен таныс әуендері мерекелік атмосфера қалыптастырып, бірліктің күшін еске салады.

Олар үшін дауыс беру - тек кана құқық емес, Отанға деген сүйіспеншілік пен оның болашағына жауапкершілікке негізделген өмірлік ұстаным. Ұзақ өмір жолынан өтіп, ұрпақ тәрбиелеген әжелер өз үлгісі арқылы жас буынға ел тағдырына бейжай қарамаудың маңызын көрсетеді.

Ақ жаулық - даналықтың, таза ниеттің және ақ батаның белгісі. Әжелердің дауыс беруге қатысуы - ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі және Қазақстанның болашағына деген шынайы қамқорлық.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *