Жолшылардың құрылысшы-студенттермен кездесуі

Жаңалықтар
view 90
news

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Шоқан Уәлиханов атындағы университет студенттерімен кездесу өткізді. Жолшылар болашақ құрылысшыларға өңірдің жол-құрылыс саласы туралы және оған жас кадрларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндап берді. Инженер Тоқтар Балтабаев студенттер алдында сөйлеген сөзінде бүгінде жол-құрылыс саласында кадр тапшылығы бар екенін тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде жол-құрылыс жұмыстарының және жалпы жолдардың сапасына әсер етеді. Әсіресе, қазір жоғары білімі мен жақсы біліктілігі бар жолшыларға сұраныс жоғары. Сондықтан қазір жоғары оқу орындары мен колледждерде жол мамандарын көптеп даярлау маңызды. Бұл тұста олар жеткілікті білім мен дағдыларға ие болуы керек. Ол үшін «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК жыл сайын студенттерді ақылы практикасыға қабылдайды, онда олар автожол саласындағы жұмыспен тәжірибе жүзінде танысып, сала мамандарымен кері байланыс орната алады.

«Жол активтерінің ұлттық сапасы жыл сайын студенттерді тәжірибеге қабылдайды. Практикант-студенттер ол үшін жалақы да алады. Бұл олар үшін үлкен, алғашқы тәжірибе алуға және жаңа дағдыларды игеруге ықпал етеді. Болашақта көптеген студенттер біздің кәсіпорында жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады», - деп атап өтті «Жол активтерінің Ұлттық сапасы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының инженері Тоқтар Балтабаев.

Сонымен қатар, Тоқтар Балтабаев студенттерге мансаптық өсу, жалақы, кәсіби даму және еліміздің жол-құрылыс саласындағы кадрларды қолдау шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол жол-құрылыс саласына үлкен қызығушылық танытқан студенттердің сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, филиалда кәсіптік бағдар беру іс-шаралары белсенді жүргізілуде, оның барысында сала мамандары оқушыларды жолшы мамандығымен таныстырады. Айта кету жөн, Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы 2019 жылдан бастап жүзден астам студентті ақылы тәжірибеге қабылдады. Олардың біразы оқу бітіргеннен кейін кәсіпорында жұмысқа орналасқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *