«Жұмысым 20 млн теңге жалақыға татиды»: депутат неге олай дегенін түсіндірді
Фотосурет: Виктор Федюнин
Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен өзінің «жұмысым 20 миллион теңгелік еңбекті талап етеді» деген сөзіне қатысты түсінік сұралды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, мәселе оның нақты алатын айлығы емес, атқарып жүрген жұмысының көлемі жөнінде болған.

Мен заң талабынан әлдеқайда көп жұмыс істеймін. 20 есе көп. Кейде 30 есе де болады. Жоғары аудиторлық палата, Жер ресурстары комитеті, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Экология министрлігі мен экологиялық инспекция тарапынан тексерістердің бастамашысы болып жүрмін. Мемлекеттік органдардың өздері істеуге тиіс дүниелерді іс жүзінде мен істетіп отырмын, – деді депутат.
Сондай-ақ ол ондай бастамалардың өз функционалдық міндетіне кірмейтінін алға тартты. Бірақ мемлекеттік органдар өз жұмыстарын толық атқармағандықтан, ол сондай іске араласуға мәжбүр болып отырған көрінеді.
Еске сала кетсек, 8 қыркүйекте депутат Бақытжан Базарбек Мәжіліс қабырғасында өзінің Парламенттегі жұмысын 20 миллион теңге жалақыға татиды деп есептейтінін айтып қалған еді.
Пікірлер (0)