Ойнап жүрген бала жанжалды ажыратқан азаматты “ұрды” деп өтірік айтты: салдарынан ол ауыр соққыға ұшырады
Сурет: abdulla_kz_kz
2025 жылғы 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында елорданың Е-669/4 мекенжайындағы ZUZU ойын-сауық паркінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеті тіркелді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Instagram желісіндегі @abdulla_kz_kz парақшасында жарияланған дерекке сәйкес, ойын алаңында өз беттерінше ойнап жүрген екі балаға белгісіз ер азамат тарапынан ауыр соққы жасалған.
Жазба авторының айтуынша, бастапқыда бір бала екіншісіне агрессия танытқан. Осы сәтте ағасы араласып, балаларды сабырға шақырып, "ұрыспай, дос болып ойнаңдар" деп ажыратқан.
Алайда көп ұзамай балалардың бірінің анасы келіп, айғайлап, балағат сөздер айта бастаған. Кейін оқиға орнына әкесі келіп, үлкен баланы жағасынан ұстап, бірнеше рет бетіне және басына кастетпен соққы жасаған. Бала тынысы тарылып, есінен танып қалған. Ер адам оны жұдырықпен кеудесіне ұрып, аяғымен тепкен.
Куәгерлер мен камера жазбасына сәйкес, аға бала тек жанжалға араласып, балаларды ажыратуға тырысқан. Алайда кейін анасы оны "мені ұрды" деп айыптаған. Видеода баланың ешқандай күш қолданбағаны, тек жанжалға араша түскені көрініп тұр.
Оқиға салдарынан зардап шеккен балалар қанды күйде ойын алаңынан шығарылған. Ата-аналар тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр.
Пікірлер (0)