2,3 млрд адам аштыққа ұшыраған

Жаңалықтар
view 336
news

2021 жылы әлемде аштыққа ұшырағандардың саны артып, 2,3 млрд адамға жетті. Олардың жеткілікті мөлшерде тамақ алуға жағдайы келмейді, деп хабарлайды Associated Press БҰҰ есебіне сілтеме жасап. Тамақтануға мүмкіндігі жоқ адамдардың саны 112 миллионнан 2,3 млрдқа дейін өскен. Бұған COVID-19 пандемиясы кезінде азық-түлік бағасының өсуі – себеп болған. Аштық Африка, Азия, Латын Америкасы және Кариб теңізінде де өскен.  2021 жылы ашаршылық Африкада 278 миллион, Азияда 425 миллион және Латын Америкасы мен Кариб аралдарында 56,5 миллион адамға әсер етті. Әлемді Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған «алапат аштықты» күтуде. «Украина өнімдерін, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтің өнімдері мен тыңайт­қыштарын нарыққа қайтармай проблеманы шешу мүмкін емес», – дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. Ұйымның тұжырымы бойынша, 2022-2023 жылдары әлемде ашыққандар саны 8-13 миллион адамға өсуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ наурыз айынан бері дабыл қағып келе жатыр. Тіпті, әлемнің Ресей мен Украинаның өнімдеріне қаншалықты тәуелді екендігі туралы мәліметтермен арнайы баяндама да дайындаған болатын. Бірақ мемлекеттер ешқандай үн қатпады. Шынымен, әлем бойынша өнімдердің рейтингісіне қарайтын болсақ, БҰҰ уайымдайтын жөні бар екенін түсінеміз. Бидай өнімі бойынша Ресей бірінші, Украина бесінші орында. Арпа өнімі бойынша Ресей үшінші, Украина екінші орында т.б. Тіпті, Украина мен Ресейге күнбағыс майының бүкіл әлемдік экспортының үштен екісі келеді. Сонымен қатар, Ресей рапс майының екінші ірі (Канададан кейінгі) жеткізушісі екенін ұмытпайық. БҰҰ баяндамасында келтірілген мәліметтерге сәйкес, 50-ден астам ел Ресей мен Украинаның бидай экспортына тәуелді.  Бірақ мұнымен мәселе бітер емес. Себебі, Ресей –  әлемдегі  барлық астық өндіруші елдердің тыңайтқыштарының ең ірі жеткізушісі. «Бірқатар елдер қазірдің өзінде нарықтағы бағаның көтерілуіне байланысты Дүниежүзілік банкке бидай сатып алуға несие алуға өтініш білдірді», – дейді Total Research стратегиялық зерттеулер департаментінің маманы Глеб Финкельштейн. Бірақ бұл әлі «апокалипсис» емес. Басы ғана. Неліктен аштық астық жетіспеушілігімен байланысты? Бұл мәселе тек нан туралы ғана емес. Негізгі дәнді-дақылдардың қымбаттауы барлық мал шаруашылығы өнімдері құнының өсуіне әкеледі. Мысалы, құс шаруа­шылығында жем-шөптің өзіндік құнының 70%-ы, шошқа шаруашылығында 60%-ы, мал шаруашылығында 50%-ы астыққа тәуелді.  Сонымен қатар қымбат бидайдың қымбат ұн мен одан жасалғанның бәріне тікелей қатысты екенін ескеру керек. Ресей мен Украинадан бидай жеткізуге аса тәуелді елдер: * Эритрея – 100% (53% -ресейлік, 47% - украиндық) *Қазақстан – шамамен 100% (негізінен Ресей) * Моңғолия – шамамен 100% (Ресей) * Армения –  шамамен 100% (Ресей) * Әзірбайжан –  95% (Ресей) * Грузия – 93% (Ресей) * Сомали –  92% (43% - Ресей, 49% - Украина) * Сейшел аралдары – 91% (Украина) * Беларусь – 86% (Ресей) * Қырғызстан –  86% (Ресей) * Түркия –  85% (68%-Ресей, 32%- Украина) * Конго Демократиялық Республикасы – шамамен 85% (негізінен Ресей) * Финляндия – 81% (Ресей) * Ливан – 74% (12% - Ресей, 62% - Украина) * Мадагаскар – 74% (50% - Ресей, 24% - Украина) * Египет – 72% (45% - Ресей, 27% - Украина) * Бенин – 68% (Ресей) * Албания – 65% (58% - Ресей, 7% - Украина) * Конго – 62% (Ресей) * Танзания – 61% (48% - Ресей, 13% - Украина) * Ливия – 61% (22% - Ресей, 39% - Украина) * Пәкістан – 60% (22% - Ресей, 38% - Украина) * Либерия – 59% (Ресей) * Руанда – 58% (Ресей) * Намибия – 58% (Ресей) * Сенегал – 55% (53% - Ресей, 2% - Украина)

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *