Қосшы қаласы әкімінің орынбасары әйелдер қауымын құттықтады

Жаңалықтар
view 57
news

Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиында жұбайларымен бір шаңырақ астында елу жылдан астам бірге өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан Кемеңгерова Күләш Ескендірқызы мен Нұркенова Гүлшайда Дендоллақызына "Алтын шаңырақ" нышанын, жазушы, журналист, көп балалы ана, аяулы жар Айгүл Сейіл мен бірден төртемді дүниеге әкелген аяулы ана Гүлмира Жылқыбайқызына "Күміс шаңырақ" нышанын табыс етті.
"Қайырымды ханым", "Мейірім шуағы", "Аялы алақан" номинацияларының иелеріде бар.
Сондай-ақ  Қосшы қаласының дамуына жан-жақты үлес қосып жүрген аяулы жандарға арнайы алғыс хаттар табыс етілді.
Жиын соңында аналарға, әйелдер қауымына мерекелік шарада өнерпаздардың өнерлері көрсетілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *