№9 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұманханұлы

Сайлау
view 83
news

№9 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұманханұлы – «Аманат» партиясының негізгі ұстанымы – халықтың мұң-мұқтажын ескере отырып, нақтылы іс-шаралар ұйымдастыру болса, өзіңіз осы «Аманат» партиясының атынан Қосшы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгенге дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқардыңыз. Тұрғындардың игілігі үшін нақты қандай жұмыстарды атқардым айта аласыз? – Жалпы мен әр түрлі салада қызмет еткен көп жылдық еңбек тәжірибиемде мейлі жастар болсын, жұмысшылар, я болмаса тұрғындар болсын бәрімен етене араласып, пікірлесіп, ақылдасып шешім қабылдауды әдетке айналдырған жанмын. Соңғы 1,5 жылдан астам Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметінде мен тұрғындармен үнемі кездесу арқылы, оларды толғандыратын негізгі күрделенген ауыз су тапшылығы, су сапасының нашарлығы, жол мәселесі, кәріз сулары жүйесінің іске алғысыз жағдайы, электрмен жабдықтау жүйесіндегі олқылықтар, жолаушылар тасымалдаудағы келеңсіздіктер тағы басқа толып жатқан проблемаларды екшеп, соған сәйкес нақтылы шешімдер қабылдау арқылы едәуір бөлігін ретке келтіруге ықпал еттім деп айта аламын. Атап айтсақ, қалада «Қосшы су» мекемесін құра отырып, көп қабатты тұрғын үйлердегі судың қысымын қалыпты жағдайға келтіруге қол жеткіздік. Бұл жұмысты бюджет қаражатынсыз, мекеменің ішкі резервтерін пайдалана отырып, шіріп тесілген жер асты су құбырларын жөндеу арқылы жүзеге асырдық. Нәтижесінде жаз айларында судың 8-10 мың текшеге дейін пайдалану мөлшерін 6-7 мың текшеге төмендеттік. Қала болып құрылған алғашқы кезеңде тұрғындардың Астанаға қатынауына 3 бағыт бойынша қоғамдық көлік болса, Астана қаласындағы көлік басқармасымен бірлесіп, 4 -ші бағыттың қосылуына қол жеткіздік. Сонымен қатар, 320-шы қоғамдық көлікті оңтайландыру нәтижесінде жекеменшік тұрғын үйлердегі тұрғындардың қоғамдық көлік қызметін пайдалану ауқымын арттыруға ықпал еттік. Көптеген тұрғынның алғысын алғанымды мақтанышпен айтар едім. Әрине, бұл бағытта жетілдіретін жұмыстар әлі де жетерлік. Алдағы уақытта Астана қаласы көлік басқармасымен бірлесе отырып шешетін боламыз. – Ертең халық қалап, депутат болып жатсаңыз мемлекеттік қызметкерлермен тығыз жұмыс жасап, олармеен диалог құруды жақсы білесіз деп ойлаймын. Жалпы мемлекеттік қызметкер, әсіресе басшы, БАҚ өкілдерімен қандай қарым-қатынаста болғаны дұрыс деп есептейсіз? – Өз басым сонау жылдары Қарағанды облыстық мәслихаты депутаты болған кездерімде 20 жылға жуық Астана қаласы әкімдігінде басшылық қызметтер атқарған сәттерімде, соңғы 1,5 жыл Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметімде де, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен әрдайым тығыз қатынаста болып келемін. Сеебебі көп жағдайларда халықтың мұң-мұқтажы осы сала мамандары арқылы мемлекеттік органдарға жетіп жатса, ол сұрақтардың оң шешімін тапқан сәттері де осы кісілер арқылы көрсетіліп жатады. Сондықтан да мен БАҚ өкілдерін халықпен арадағы сенімді көпір деп бағалаймын.

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қуатбеков Әлихан Жұмаханұлына респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *