№3 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қасенов Нұрдәулет Нұрсеитұлы

Сайлау
view 98
news

№3 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қасенов Нұрдәулет Нұрсеитұлы Құрметті, қала және Тайтөбе ауылының тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, 19 наурызда барлық деңгейдегі мәслихаттар мен мәжілістерге мажоритарлық жүйе бойынша сайлау өтеді. «AMANAT» партиясы мені №3 сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер етіп ұсынды. Мен, Қасенов Нұрдәулет Жамбыл облысы Бурыл ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қосшы қаласының әлеуметтік белсенді тұрғыны болып табыламын. «Құқықтану» мамандығы және «Көлік құрылысы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар. Әскери қызметтен өткенмін. Отбасылы, үш баланың әкесімін. Еңбек жолымды бөлімше шебері болып, жол-құрылыс компаниясынан бастадым. Жол жұмысшысынан жоба басшысына дейін қаншама жолдан өтіп, 13 жыл құрылыс саласында жұмыс жасап, көптеген марапаттар мен атақтарға ие болдым. Аталған салада жыл сайын кәсіби біліктілігімді көтеру бойынша оқу курстарынан өттім, жобаларды басқару бойынша IPMA халықаралық сертификатым бар. «Батыс Еуропа – Батыс қытай», «Павлодар – Семей», «Қалбатау - Майқапшағай», «Үшарал - Достық» сияқты тағы да басқа автокөлік жолдары құрылысы бойынша республикалық жобаларға қатыстым. Қазақстан Республикасында менің басшылығыммен 120 километрлік автокөлік жолдары салынды. Қазіргі таңда Қосшы қаласының дамуы мен абаттандыруына қатысқан құрылыс компаниясының басшысы болып табыламын. Көше-жол салу, электр беру желілері мен жылу желілерін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Меценат ретінде қаланың әлеуметтік бағдарламаларына қатыстым. БІЗДІ БІРІКТІРЕТІН ОРТАҚ МАҚСАТ – ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ! Құрметті сайлаушылар! «AMANAT» партиясы қоғаммен бірге өзгеруге және бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуге дайын. Өткеннің қателіктерін шығарып тастайтын, қазіргі уақытты жан-жақты бағалайтын және болашақты құратын уақыт келді. Біздің Қосшы қаласы жақында ғана қала мәртебесіне ие болды. Мен өзіме қала тұрғындарының мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар міндеттер мен мақсаттар қойдым. Мен Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және дамыту бойынша жауапкершілікті өз мойныма алуға дайынмын. Мен, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер болар отыра мынадай мәселелерді шешуге атсалысатын боламын: 1. Қосшы қаласының жолдарын сапалы жөндеу және қаланың орталық көшелерін одан әрі қайта жаңарту. 2. Сумен жабдықтаудың, нөсер кәрізінің, электрмен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың үздіксіз және кедергісіз берілуін қайта жаңарту және бақылау. 3. Қосшы қаласында мектептер мен балабақшалар салу. 4. Сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту. 5. Қаламыздың тазалығы мен құқықтық тәртібін қатаң қадағалауды бақылау. Біз барлық ойлаған мақсаттарымызға бірге қол жеткізе алатынымызға сенемін!

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қасенов Нұрдәулет Нұрсеитұлына респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *