№1 сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Абдрахманов Болат Үкібайұлы

Сайлау
view 128
news

№1 сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Абдрахманов Болат Үкібайұлы Абдрахманов Болат Үкібайұлы, 1970 жылы 9 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келдім. Отбасылық жағдайым: үйленгенмін, төрт балам бар. Екі жоғары білімім бар: 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Құқық және құқықтық білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша бітірдім; 2001 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірдім. Еңбек жолын Целиноград қаласының білім бөлімінде жаттықтырушылық қызметтен бастап, кейін олимпиадалық резерв БЖСМ директоры болып тағайындалдым. Еңбек жолым: 2002-2003 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» ҚТ ЗТБ Бас хатшысы; 2003-2006 жылдары «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры; 2006-2007 жылдары «Локомотив»ФСК аға жаттықтырушысы; 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан бокс федерациясы» ҚТ ЗТБ Вице-президенті, «Тарлан Батырлары» ЖШС директоры, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ҚН ЗТБ спорт директоры. Құрметті жерлестер! Қазіргі таңда Еліміз жаңа Қазақстанға барар жолда «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын негізге ала отырып, саяси жүйені жаңғыртуды жалғастыруы тиіс. Үкімет елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар үшін қажетті қоғамдық қауіпсіздіктің негізі ретінде заңның сақталуы мен тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Біздің стратегиялық мақсатымыз - халық пен биліктің бірлескен ұстанымы негізінде шешімдер қабылданатын әділ мемлекет құру. «Аманат» партиясы Қосшы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидатурамды ұсынды. Депутаттыққа үміткер ретінде әрекет ету туралы шешім қабылдай отырып, мен барлық күш-жігерімді, білімім мен біліктілігімді ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қолданамын. Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру. Менің қалалық мәслихат депутаты ретіндегі қызметім келесі мәселелерді шешуге бағытталатын болады: 1. Тайтөбе ауылын сапалы газдандыру. 2. Ауылды абаттандыру. 3. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. 4. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. 5. 1200 орындық мектеп салу. 6. Ауылды электрмен жабдықтаумен және электр жарығымен қамтамасыз ету. 7. Тайтөбе ауылына кіреберіс жолдар мен ауылдық жолдарды күрделі жөндеу. 8. Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту. 9. Интернеттің сапасын жақсарту. Тайтөбе ауылын барлық деңгейде дамыту үшін халықтың мүдделерін басшылыққа алып, белсенді әрекет ететін боламын. Құрметті сайлаушылар! Мен Тайтөбе ауылының тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз барлық мақсаттарға бірге қол жеткізіп, мықты мемлекет құра алатынымызға сенімдімін!

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Абдрахманов Болат Үкібайұлына респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *