№1 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы
Сайлау
262
№1 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық
мәслихат депутаттығына кандидат
Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы
Мен, Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлы 1976 жылы 02 ақпанда Жамбыл облысында оқытушылар отбасында дүниеге келдім. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін жүйетехник ирженері мамандығы бойынша бітірдім. 1998 -1999 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышымды атқардым (ҚР ҰҚК Шекара қызметі). 2018 жылы «Қаржы академиясы» АҚ экономика ғылымдарының магистрі дипломын алдым. Қазіргі уақытта «Қосшы Су» ШЖҚ МКК директоры лауазымында жұмыс істеймін.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
Коммуналдық сала:
Коммуналдық шаруашылық саласындағы сұрақтарды, мәселелерді тікелей қатысып шешуге тырысамын, атап айтқанда:
– Су сапасын жақсарту;
– Нұра-Сарысу (Нижний-Романов) бассейнінен Қосшы қаласына дейін қосымша су тартқыш құрылыстар мен су жинау станциясын қаржыландыру;
– Субсидия алу арқылы сумен жабдықтау және су бұру саласында көрсетілетін қызметтерге төлемдерді азайту;
– Тайтөбе ауылында сумен жабдықтау желілерін пайдалануға беру және дамыту;
– Қосшы қаласының жылу желілерінің жүйесін 2025 жылға дейін жаңғырту;
– Электр желілерінде қызмет көрсету сапасын дамыту және жақсарту;
– Қосшы қаласында 2025 жылға дейін газ құбыры мен газ тарату желілерін салу;
Әлеуметтік сала:
Білім беру, денсаулық сақтау және спорт, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешу:
– 280 орындық балабақша мен 1200 орындық екі мектеп салу үшін бюджеттен қаражаттандыру ;
– Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын іске асыруға шаралар қабылдау, осы саланы қосымша қаржыландыру мәселелерін шешу;
– Қосшы қаласының көше-жол желісінің құрылысы мен күрделі жөндеуін 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру;
– 2024 жылдың соңына дейін «Лесная поляна» ТК –нен Қарқаралы тас жолына екінші шығу жолының құрылысын қаржыландыруға қол жеткізу;
– Қосшы қаласының Республика көшесін 4 жолаққа дейін кеңейте отырып, қайта жаңарту мәселесін шешу;
– Тайтөбе ауылының бағыты бойынша сарқырама өзені арқылы өтетін автожол көпірін жаңғыртуды орындау;
– Қосшы қаласы үшін коммуналдық жағажай салу.
Көлік инфрақұрылымы бойынша мәселелерді шешуге жәрдемдесу:
Қосшы қаласының көшелерін күтіп ұстау, сондай-ақ жаңадан көше-жол желілерін салу мәселесін шешу:
– Қосшы қаласының көше-жол желісінің құрылысы мен күрделі жөндеуін 2023 жылдан 2025 жылға дейін іске асыру;
– 2024 жылдың соңына дейін «Лесная поляна» ТК –нен Қарқаралы тас жолына екінші шығу жолының құрылысын қаржыландыруға қол жеткізу;
–Қосшы қаласының Республика көшесін 4 жолаққа дейін кеңейте отырып, қайта жаңарту мәселесін шешу;
– Тайтөбе ауылының бағыты бойынша сарқырама өзені арқылы өтетін автожол көпірін жаңғыртуды орындау;
ЫҚПАЛ ЕТЕМІН
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ділдәбек Ерғали Дүйсенұлына респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)