№5 Сайлау округі бойыншаҚосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Данабекұлы Ақылбек

Сайлау
view 97
news

№5 Сайлау округі бойыншаҚосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Данабекұлы Ақылбек «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасалады,- делінген жас үміткер ретінде қандай қоғамдық істер атқардыңыз? – Студент кезден бастап қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрдім. 2014-2016 жылдары Астана қалалық Жастар мәслихатының депутаты болдым. 2020 жылы Праймериз партияішілік сайлау жеңімпазы, мәслихат депутаттығына кандидатпын. Әр түрлі саладағы белсенділігім үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен, (2019) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Мәдениет және спорт министірінің алғысы, тағы да басқа марапаттарға ие болдым. Қосшы қаласы Ақсақалдар кеңесінің хатшысымын. – Еңбек жолымды 2014ж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастадым. – 2019 жыл Декан орынбасары қызметін атқардым. – 2021 жылы Республикалық «Қазақстан ауыл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып тағайындалдым. – Қазіргі таңда (2022 жылдан бері) Қосшы қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры қызметін атқарып келемін. Жастардың бастамаларын жүзеге асыру, бос уақытын тиімді пайдалану, волонтерлік қызмет, азаматтық патриоттық, психологиялық т.б бағыттарда бірнеше ауқымды жұмыстар жасалынды. – 2022 жылы Ақмола облысы бойынша «Үздік Жастар ресурстық орталығы» атағын жеңіп алдық. – Қаланың құрылғанына да көп уақыт болған жоқ. Қаланың дамуына қандай үлес қосар едіңіз? – Қосшы қаласы өркениетіміздің өресі, мәдениетіміздің қайнаған ошағы, біз оның игілігі мен келешегі үшін аянбай еңбек етуге құлшынар ұрпақпыз, қаланы көркейтіп, өз тұғырына қондыру біздің ең басты мақсатымыз. Сондықтан да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла кірісу өскелең ұрпақтың, осы қаланың тұрғыны ретінде менің парызым. Мен осы қаланың тұрғылықты тұрғыны және ең жас кандидаты ретінде өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Сіздердің таңдауларыңыз бен қолдауларыңыздың арқа- сында бірқатар өзекті істерді тындырамын деген үміттемін. Маған берген әр дауыстарыңыз Қосшы қаласының келешегінің кемелденуіне, болашағын бағдарлауға сүбелі үлес қосатыныныма сенімім мол. – Әр адамда өзіне қойған мақсат міндеттері және өзінің шығар биігі, тұғыры болады. Тұғырға шығумен биіктен құлау әп-сәттік дүние. Сіздің алға қойған мақсат міндеттеріңіз қандай? – Біздің басты мақсатымыз – әділетті Қазақстан құру, соның аясында өзіме қалалық мәслихат депутаты ретінде күрмеуі шешілмеген бірқатар мәселелерді шешу өзіме маңызды міндеттер қойдым. Менің сайлауалды бағдарламам Қосшы қаласының тұрғындарының проблемаларын ескере, отырып құрастырылды. Мен сіздің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын және Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық кешенді даму жоспары шеңберінде бірқатар мәселелердің тиімді шешімдерін іздеу және ілгерілету бойынша жауапкершілікті өз мойныма алып, шешімін табуға дайынмын. – Сайлауда сәттілік тілейміз!

Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Данабекұлы Ақылбекке респуликалық бюджет есебінен төленді

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *