№2 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Осипова Ирина Серікпайқызы
Сайлау
60
№2 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат
Осипова Ирина Серікпайқызы
Құрметті Қосшы қаласының тұрғындары!
Мен, Осипова Ирина Серікпайқызы, 1981 жылы 9 қыркүйекте Целиноград қаласында дүниеге келдім. Гуманитарлық-техникалық Академиясын үздік бітірдім. Қазіргі таңда Қосшы қаласының тұрғынымын, тұрмыстамын, екі бала тәрбиелеп отырмын.
Қазіргі уақытта:
– ТҚК төрағасы (Қосшы қаласында зардап шеккен үлескерлер бойынша);
– «Қосшы Су» ШЖҚ МКК ӨТБ инженері болып жұмыс істеймін;
– 2022 жылдың наурыз айынан бастап Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесімін;
– Ақмола облысының қоғамдық кеңесі жанындағы Экология, өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесімін. Бұл маған қаламыздың проблемалық мәселелерін шешуге, зерделеуге мүмкіндік берді;
– «Lider.KZ» еріктілер бірлестігінің Қосшы қаласы бойынша филиалының үйлестірушісімін.
Алдағы сайлауға «Қазақстан Халықтық» партиясының атынан қатысамын. Партияның мақсаты: Елдің билігі мен байлығы, Қазақстан халқына тиесілі екенін дәлелдеп, әділ қоғам құру.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
Қаланың дамуы және халықтың өмір сүру сапасының өсуі;
Ауыз судың сапасын жақсарту;
Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз орта
қауіпсіз көшелер (қала көшелерінде жасанды жол кедергілері, қосымша бейнебақылау және бағдаршамдар орнату);
Тұрақты, үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету;
Қараусыз қалған жануарлар (питомник) салу;
Ыңғайлы қалалық орта:
– Қалыптасқан құрылыс пен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, жаңа объектілер салу үшін алаңдарды таңдауды бақылау;
– Спорттық-сауықтыру кешендерді;
– Аулаларда балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру және орнату;
– Шағын архитектуралық нысандары бар алаңдар;
– Коммуналдық жағажайды, су-құтқару станциясын жайластыру;
– Мемлекеттік мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді салу жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын бақылау;
Осы айтылған сайлауалды бағдарламамның орындалуына ықпал етемін.
Құрметті сайлаушылар!
Бұл менің жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Әрекет ету үшін мықты ерік, жігер керек!
Менің бағдарламам бос уәде емес, ол орындалады, бұған сенімді болыңыз!
Сіздің үйіңізге бейбітшілік, жақсылық, бақыт және амандық, біздің өңірге тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!
2023 жылғы 19 наурызда сіздің сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын!
Қосшы қаласы мәслихатының алдағы сайлауында менің кандидатурамды қолдауыңызды сұраймын!
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Осипова Ирина Серікпайқызына респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)