№6 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ибраев Шохан Саматұлы
Сайлау
261
№6 Сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат
Ибраев Шохан Саматұлы
Мен, Ибраев Шохан Саматұлы, 1967 жылы дүниеге келдім. «Қазақстан Халық партиясынан» депутаттыққа кандидат ретінде мтіркелдім.
1990 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумында «Металл және темірбетон конструкцияларын монтаждау» мамандығы бойынша, ал 1997 жылы
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Өнер кәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығын бітірдім.
Әрқашан әділдік пен адалдық принциптерімен өмір сүремін.
Қарапайым жұмысшы, көп балалы отбасында дүниеге келдім, бала кезімізден ата-анамыз бізге еңбекті сүюді, әр адамды құрметтеуді, адал болуды және берген уәдені орындауды үйретті. Барлық жетістіктерге білімнің, еңбегімнің және жақын адамдарымның қолдауының арқасында қол жеткіздім. Қосшы қаласында 20 жылдан астам тұрамын, 2011 жылдан бастап қаланы жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандықта жұмыс істеймін.
Құрметті сайлаушылар!
МЕНІҢ МАҚСАТЫМ - ӨЗ МҮДДЕЛЕРІМДІ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ ЕМЕС, КОСШЫ
ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨМІРІМІЗДІ ЖАҚСАРТУ.
Қосшы қаласын дамытуға үлес қосу үшін өзімді депутаттыққа ұсынуды жөн көрдім. Ол үшін өмірлік тәжірибемді, білімімді, күш-қуатымды пайдаланып, аянбай еңбек етпекпін. Қосшы қалалық мәслихатының депутатығына үміткер ретінде мынадай түйткілді мәселерді шешуге ықпал етемін:
1 .Азаматтардың, әсіресе мүмкіндігі шектеулі отбасылардың қамтамасыз етілу деңгейін, олардың өтініштерін, ұсыныстарын және заң талаптарын, оның ішінде құқық қорғау органдарымен, білім беру және медициналық мекемелермен, саудамен тығыз келісе отырып, кідіріссіз және бюрократиясыз шешу, тұрақты зерделеу және талдау.
2. Балабақшалар мен мектептер, спорт ғимараттары жеткілікті мөлшерде болу керек. Барлық инфрақұрылым заманауи, қалалық, жайлы және көрікті болу керек.
3. Жаңа жолдар мен тротуарлар салу, сондай-ақ қолданыстағы жолдарды жөндеу.
4. Қосымша жаңа қоғамдық көлік бағыттарын енгізу.
5. Жылумен, сумен және электрмен жабдықтау желілерін жөндеу, жаңарту жүргізу.
6. Демалыс орындарын, балалар және спорт алаңдарын орнату және абаттандыру.
7. Көшелерді жарықтандыруды, қоқысты шығаруды және көшелерді уақтылы тазалауды қамтамасыз ету.
Барлық аталған проблемалар кешенді жоспарда көрсетілуі керек.
Осы мәселелерді және басқада күнделікті сұраныстарды шешуде аянбай еңбек ететін боламын.
Сіздерді 2023 жылдың 19 наурызында өз сайлау учаскелеріңізге келіп, дауыс беруге шақырамын!
Алдағы Қосшы қаласы мәслихатының сайлауында менің кандидатурамды қолдауыңызды сұраймын!
Қосшы қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Ибраев Шохан Саматұлына респуликалық бюджет есебінен төленді
Пікірлер (0)