«95 млн қарызы болған»: Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өлімі туралы дерек шықты

Жаңалықтар
view 673
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі туралы жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды  JANABASTAU.KZ

Orda.kz сайты Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы өлімі жайлы жазды.

2024 жылдың 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.

Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Қайғылы оқиғадан бұрын оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін және оны 5 күн ішінде қайтару қажеттігін айтқан. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан. Іс бойынша үш сараптама жүргізілген. Олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *