А. Балаева: 5-19 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек және қолдау шараларын ұйымдастырамыз
Жаңалықтар
487
Фото интернеттен
15-19 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында халыққа гуманитарлық көмек және қолдау шараларын ұйымдастырамыз, деп жазды ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министрдің жазуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу, тұрғын үйлер, жолдар мен әлеуметтік инфрақұрылым салу жұмыстары басталды. Ел үкіметі бұл өңір тұрғындарының өмірі тез оңалып, қалыпты жағдайға түсуіне қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
"Бүкіл ел зардап шеккен отандастарымызға жанашырлық танытуда. Бұл баршамыздың ортақ мәселеміз. Төтенше жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.
Тасқын су тасқыны мен оның салдары бірлігімізді бекемдеп, қоғамдық ресурстарды жұмылдыруды талап етеді.
Өкінішке қарай, кейбір аймақтардағы жағдай әлі де күрделі", - дейді А. Балаева.
Министрдің пікірінше, қазір тұрғындар бірте-бірте ауылдарына оралып жатқандықтан, зардап шеккен отбасылар қосымша қамқорлықты қажет етеді.
"Әйелдер мен балалар қолдау мен көмекке зәру. Оларға жеткілікті көңіл бөліп, тиісті жәрдем көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия әйелдер мен балаларға жүйелі көмек көрсетуде. Енді төтенше жағдай қызметкерлері, әскерилер, полицейлер мен еріктілер жұмысын аяқтаған аумақтарда Ұлттық комиссияның жұмысы басталады.
15-19 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында халыққа гуманитарлық көмек және қолдау шараларын ұйымдастырамыз", - деп атап өтті министр.
Аида Ғалымқызының жазуынша, отандастарымызға моральдық-психологиялық және құқықтық қолдау көрсету мақсатында Ұлттық комиссияның және әкімдіктер жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері әйелдер мен балаларға, көп балалы аналар мен толық емес отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, халықпен кездесулер, азаматтарды қабылдаулар өткізеді.
"Мәселе түпкілікті шешілгенге дейін әрбір өтініш назарымызда болмақ.
Ұлттық комиссия сондай-ақ, әйелдер мен балаларға гуманитарлық көмекті (ең қажет заттар мен гигиеналық құралдар) жинау мен жеткізуді ұйымдастырады.
Жұмыс туралы көпшілікті хабардар етеміз", - деп түйіндеді Аида Балаева өз жазбасын.
Пікірлер (0)