«Адамды қорғауы керек»: Геннадий Головкин президент болуға үмітті

Жаңалықтар
view 190
news

Фото: gov.kz

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне кандидат болуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Francsjeux.com сайтының жазуынша, Геннадий Головкин рингке қайта оралады.

Бұл жолы оның мақсаты – медаль емес, World Boxing президенті лауазымы, – деп жазады сайт.

Боксшы бокс Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі болғанын айтты.

Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупінде болды. Ал мен бұған қарап үнсіз тұра алмадым, – дейді қазақстандық аңыз боксшы.

Айтуынша, ол әлемдік боксқа үлес қосқысы келеді. Президент болуға үміті бар.

Біріншіден, спортшыларды тыңдай білуіміз және қорғауымыз керек. Екіншіден – федерация жұмысының ашықтығы. Біздің мақсат – боксты келесі Олимпиада ойындарына дейін күшейту. Инновациялар жауапты әрі прогрессивті болуы тиіс. Ең бастысы, адамды қорғауы керек. Технологиялар спортшыларға және әділдікке қызмет етуі тиіс, адамдарды алмастыру үшін емес, – дейді ол.

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған еді.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *