«Адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін»: ғалым «өзге ғаламшарлықтардың алып ғарыш кемесін» анықтады
Фотосурет: hurriyet.com
Күн жүйесі арқылы қозғалып келе жатқан Манхэттен көлеміндей жұлдызаралық нысан адамзат үшін бөгде өркениеттің «троян аты» болуы ықтимал. Ғалымдардың айтуынша, оның пайда болуы адамзатқа зор салдар әкелуі мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Life-қа сілтеме жасап.
York Post газетінің жазуынша, бұл туралы Гарвард университетінің астрофизигі Ави Лёб мәлімдеген.
3I/ATLAS ашылған сәттен бастап оның өзге ғаламшарлық тегі болуы мүмкін деген пікір айтып жүрген Лёб бұл нысанның мөлшері ерекше алаңдатарлық екенін жеткізді.
Джеймс Уэбб телескопы тіркеген деректерге сәйкес, 3I/ATLAS салмағы 33 миллиард тоннаға жетуі мүмкін.

Бұл – біз бұған дейін бақылаған барлық жұлдызаралық нысандардан кемінде 1 мың есе массивті. Бұдан сұрақ туады: егер біз бұрын тек шағын нысандарды көрген болсақ, мұндай алып дене Күн жүйесінің ішкі бөлігіне қалай және не үшін келді? – дейді астрофизик.
Ғалымның пайымдауынша, әлемдік қауымдастық сақтық танытып, егер 3I/ATLAS-ты алдын ала болжау қиын, бірақ салдары өте үлкен оқиға болып шықса, әрекет жоспарын әзірлеуі қажет.
Лёбтің айтуынша, 3I/ATLAS «бір қарағанда табиғи» болып көрінуі, алайда шын мәнінде «троян аты» болуы да ықтимал. Ол жағдайды «көрмей танысу» мысалы арқылы түсіндірді.

Әдетте сіз серіктесіңіз жақсы адам болады деп ойлайсыз, бірақ кейде адамдардың ішінде сериялық қылмыскерлер де кездеседі, – деді ол.
NASA-ның ресми ұстанымы бойынша, 3I/ATLAS ешқандай қауіп төндірмейді. Алайда Халықаралық астероидтер туралы ескерту желісі (IAWN) бұл жұлдызаралық нысанды бақылауды бастап кеткен. Мақсат – оның шынымен қауіпсіз екеніне көз жеткізу.
Нысанның нақты орбитасы мен «мінез-құлқын» анықтауға бағытталған бақылаулар сериясын 2025 жылғы 27 қарашадан 2026 жылғы 27 қаңтарға дейін IAWN кометалық кампаниясы жүргізеді. Бұл шаралар 3I/ATLAS-та кометаларға тән емес бірнеше аномалия байқалғаннан кейін қолға алынған.
Сол ерекшеліктердің бірі – «антиқұйрық», яғни бөлшектер ағыны күннен сыртқа қарай емес, керісінше күнге қарай бағытталған. Сонымен қатар, нысан секундына шамамен 4 грамм никель шығарып отырған, бірақ темір мүлде байқалмаған. Мұндай құбылыс кометаларда бұрын тіркелмеген.
Лёб түсіндіргендей, никель тетракарбонил деп аталатын бұл қосылыс бұған дейін тек адам қолымен жасалатын өнеркәсіптік процестерде кездескен.
Сондай-ақ ғалым нысанның гравитациялық емес үдеуі және оның Юпитер, Шолпан және Марсқа тым жақын траекторияда қозғалуы алаңдатарлық екенін айтты.
Қазір 3I/ATLAS Күнге ең жақын нүктеге бар-жоғы бірнеше күнде жетеді. Бұдан кейін ол бақылаудан шығып кетеді. Лёбтің пікірінше, бұл нысан жұлдыздың гравитациясын пайдаланып, бағытын өзгертетін ғарыш кемесі екенінің айғағы болуы мүмкін.

Егер солай болса, ол орбитасы бойынша қозғалысын жалғастырып, ақырында Күн жүйесінен шығып кетеді, - деп түйіндеді сөзін ғалым.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)