“Аяғымен кеткен балам табытпен келді" : 18 жасар сарбаздың ата-анасы зар илеп отыр

Жаңалықтар
view 322
news

Фото: Stan.kz

Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде қаза болған сарбаз бүгін жер қойнына табысталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм сарбазды ата-анасы жер қойнына тапсырды. Олар баласының әскерге аяғымен кетіп, табытпен оралғанына зар илеп отыр.  

Еске салайық, 14 қаңтар күні Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде жас сарбаз өзін жүрек тұсынан атып өлтіргенін хабарлаған едік. Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, өлімге әкелетін жарақат алған.   

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *