Қазақстан Республикасының әйелдер командалары арасындағы волейболдан чемпионаты өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық лига. Плей-офф
Астанада волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының Ұлттық лига плей-офф кезеңі аяқталды.
5–8 орындар үшін өткен ойындар:
«Ақтөбе» – «Астана» – 3:0 (25:21, 25:11, 25:18);
«Буревестник Алматы» – «Қарағанды» – 3:0 (25:21, 25:17, 25:19).
3–4 орындар үшін матч:
«Тұран» – «Берел» – 3:2 (19:25, 22:25, 25:21, 25:23, 15:7)
Қола жүлде үшін өткен шешуші кездесу маусымның ең әсерлі ойындарының біріне айналды. Алғашқы екі партияда «Берел» басымдық танытып, ойын тізгінін өз қолында ұстағандай көрінді. Алайда үшінші сеттен бастап өскемендік команданың ойы бәсеңдей бастады. Әсіресе, допты қабылдау мен шабуылды нәтижелі аяқтауда қиындықтар байқалды. Қорғаныста да қателіктер көбейді.
Бұл сәтте «Тұран» сапындағы тәжірибелі ойыншы Елена Самойленконың тор үстіндегі сенімді ойыны қарсыластарға үлкен қиындық туғызды. Үшінші партияны жеңген «Тұран» төртінші сетте де тартысты ойын өрнегін көрсетті. Кездесу тағдыры шешілер сәтте түркістандық команда сабырлы әрі жинақы әрекет етіп, есепті теңестірді.

Тай-брейкте «Тұран» 7:0 есебімен алға шығып, матч тағдырын іс жүзінде шешіп қойды. Нәтижесінде команда ерік-жігер танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетіп, қола жүлдені иеленді.
Матчтың үздік ойыншылары – Александра Мещанинова («Тұран») және Юлия Дымарь («Берел»).
Ойыннан кейін жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Қаржы министрі, Қазақстан волейбол федерациясының президенті Мәди Такиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерулан Жамаубаев, федерацияның бірінші вице-президенті Арман Кабесов және «Қаржы орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Хамит Құнарбаев қатысты.
2025/2026 жылғы маусымның символикалық құрамасы:
Байланыстырушы – Дарья Шаргородская («Жетісу»)
Диагональ – Анет Альфонсо Бенитес («Қуаныш»)
Доигровщиктер – Сана Анарқұлова («Қуаныш»), Иывен Мяо («Жетісу»)
Орталық блоктаушылар – Валерия Якутина («Жетісу»), Елена Самойленко («Тұран»)
Либеро – Сабира Бекишева («Қуаныш»)
Маусымның ең құнды ойыншысы (MVP) – Мария Фролова («Жетісу»)
Қорытынды турнирлік кесте:
- «Жетісу» (Талдықорған)
- «Қуаныш» (Петропавл)
- «Тұран» (Түркістан)
- «Берел» (Өскемен)
- «Буревестник Алматы» (Алматы)
- «Ақтөбе» (Ақтөбе)
- «Қарағанды» (Қарағанды облысы)
- «Астана» (Астана).
Пікірлер (0)