«Әкесіне ұқсайды»: Баян Алагөзова отбасылық суреттерін бөлісті
Жаңалықтар
187
Фотосурет: дереккөз
Продюсер Баян Алагөзова Жаңа жыл қарсаңында отбасы мүшелерімен түскен әсерлі фотосын жариялады. Суретте ол жолдасы және егіз қыздарымен бірге мерекелік шыршаның жанында тұр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Жаңа жыл құтты болсын! Ол баршаңыз үшін бақытты болсын. Өтіп бара жатқан жылға алғысым шексіз, – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Продюсердің отбасылық фотосы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп, қысқа уақыт ішінде мыңдаған лайк пен пікір жинады. Оқырман қауым Баян Алагөзоваға бақыт, отбасы амандығы мен жаңа жетістіктер тілеп, кішкентай қыздарының әкесіне ұқсайтынын жарыса жазған.
Пікірлер (0)