Әкімдік Назарбаевтың тәркіленген шипажайын өзіне қайтарып берген - депутат
Фотосурет: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бас прокуратура жанындағы Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті етіп қайта құру жөніндегі бастаманы қолдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, депутат активтерді қайтару ісі аясында Болат Назарбаевтың шипажайы туралы да айтты.

Марқұм Болат Назарбаевтың активтерін тәркілеу деген сылтаумен Сарыағаш аудандық әкімдігі Қаржы министрлігінің ашық аукционы арқылы мүлде басқа кәсіпкерлер заңды түрде сатып алған шипажайды сот арқылы тартып алып, Болат Назарбаевтың өзіне (нақтырақ айтқанда, оның компаниясына) еш дау-дамайсыз қайтарып берген. Басқа да мұндай жағдайлар болды. Өкінішке қарай, ол кезде мұндай жағдайлардың барлығына мемлекеттік органдар тиісті назар аударған жоқ, - деді ол.
Пікірлер (0)