Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кеңесші органдардың саны қысқартылды

Редакция таңдауы
view 133
news

2022 жылғы 13 сәуірде Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды (бұдан әрі - ККО) қысқартуды көздейтін «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылған болатын. Құқықтық актіде мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру қағидаттары айқындалған, мемлекеттік органдарға мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы билік қызметінің шамадан тыс заңнамалық регламенттелуін болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілген. Осы тапсырманы орындау шеңберінде Ақмола облысы әкімінің аппараты облыс әкімдігі жанындағы барлық ККО-ға тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша кейбір облыстық комиссияларды, штабтар мен кеңестерді оңтайландыру және 2 еседен аса қысқарту туралы шешім қабылданды. Осылайша, қолданыстағы 41-ші ККО-дан 23 ККО таратылды және оңтайландырылды, яғни олардың жалпы санының 56%-ы. Бүгінгі таңда облыс әкімдігі жанында 18 ККО жұмыс істейді. Ақмола облысының әкімдігі жанындағы қолданыстағы және таратылуға жататын консультативтік-кеңесші органдардың тізмі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *