Ақмола облысының үздік колледжді таңдалды

Редакция таңдауы
view 92
news

Ақмола облысында өңірдің колледждері арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы» байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурс тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытуға және таратуға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуін ынталандыруға, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің даму үрдістерін анықтауға және т. б. бағытталған. Байқауға өткен жылдардағы жеңімпаздардан басқа Ақмола облысының мемлекеттік колледждері қатысты. Конкурсқа қатысу үшін Ақмола облысының мемлекеттік колледждерінен 15 өтінім берілді, оларды колледждердің білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатарынан сараптамалық комиссия қарады. Алынған есептеулер бойынша ең жоғары баллды Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет колледжі жинады! Сондай-ақ, жетекші колледждердің «бестігіне» осы білім мекемелері  кіргенін атап өткен жөн: 1) Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, 2) Щучинск қ., Жоғары педагогикалық колледж, 3) Щучинск қ., жоғары техникалық колледж, 4) Астрахан ауылы, Агротехникалық колледж, 5) Красный Яр ауылы, Көпсалалы инновациялық колледж.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *