Алаш зиялылары және ұлт тілі
Жаңалықтар
293
Қосшы қаласында Республика күні ұлттық мерекесіне орай «Тілдер орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Алаш зиялылары және ұлт тілі» тақырыбының аясында ғылыми конференция өтті. Жиынды Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей ашып, жүргізіп отырды.
Қазақ тілінің тағдырына алаңдаған Оразкүл Асанғазы ұлттың сақталуы үшін тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ мектебін көбейіп, жұмысын жүйелеуге басымдық беру керектігін алға тартты. Ал ғалым, алаштанушы Ербол Ердембекұлы ұлттың тағдыры үшін алаштықтардың позициясын ұстанып, елдің ертеңі үшін бүгіннен қалмай қызмет жасау керек екендігін нақты мысалдармен жеткізді.
Көптің көңілінен шығып, жастардың рухын оятқан фильм сценарисі Ұларбек Нұрғалым Алаш тарихын жастардың жүрегіне жеткізіп, өткенімізге көз жүгіртіп, барды бағалау үшін жасалған жұмыстарды саралап берді. Жоғары деңгейде өткен ғылыми конференция алдағы уақытта да жаңа тақырыппен көрермен көңілінен шығары сөзсіз.
Дана Төлеген
Пікірлер (0)