Alibaba International Қазақстанға салық төлейтін болды

Экономика
view 89
news

Фотосурет azh.kz алынды

Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы Alibaba International өкілдерімен кездесті, онда Қазақстандағы электронды коммерция мен салық салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар сандық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы электронды коммерция саласындағы салық заңнамасы мен басқару саласындағы соңғы өзгерістерді талқылады. Келіссөздер нәтижесінде Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын шартты түрде ҚҚС төлеушісі ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап электронды сауда үшін цифрлық салық енгізді. Шетелдік компаниялар, соның ішінде маркетплейстер, 12% мөлшерінде ҚҚС төлеуге міндетті. 2022 жылы 10 млрд теңге, 2023 жылы 24 млрд теңге, ал 2024 жылдың 9 айында 23 млрд теңге салық жиналған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *