«Аллаһ бостандыққа шығарады»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі «Дикий Арманды» құттықтады
Фотосурет: ашық дереккөзден
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қазіргі күйеуі, Ноис лақап атымен танымал Нұржан Иманалиев әлеуметтік желіге жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Instagram-дағы парақшасында жақын досы Арман Жұмагелдиевті туған күнімен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

Арман досым, туған күнің құтты болсын! Аллаh саған сабыр беріп, бостандықтың есігін ашсын! Бауырым, сен тордағы арыстандай болсаң да мықтылығыңды білемін. Сен – бәріне төтеп беретін қайсарсың. Қазақтың маңдайына біткен армансың. Аллаhқа еш нәрсе қиын емес. Ол қалаған күні сені бостандыққа шығарады. Бұған сен де, мен де сенем, досым! Әрдайым есте сақта: қандай жағдайға тап болсаң да оны саған Алла таңдады, бұл – сенің жолың, тағдырың. Мұңайма, шағымданба, үмітіңді үзбе! Өйткені Алла бәрін жақсы біледі. Егер кешіксе де саған ең жақсысын береді. Барлығы үшін шүкір ет! – деп тебіренді Нұржан Иманалиев.
Пікірлер (0)