Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ұсталды
Жаңалықтар
321
Сурет: Ашық дереккөзден
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Айбол Құлбаев ұсталды, деп хабарлайды Janabastau.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұған дейін БАҚ-та Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қ.Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиада резерві колледжі-интернатына қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын. Аталған оқу орнының бұрынғы директоры Айбол Құлбаев қорғану құқығы бар куәгер мәртебесінде болған.
БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін ол қамауға алынды.
Айта кетейік, Құлбаев аталған басқармаға 2025 жылдың ақпан айында басшы болып тағайындалған.
Пікірлер (0)