Көлік жүргізушілеріне жаңа талаптар: тағы да емтихан тапсыруға тура келе ме?

Жаңалықтар
view 247
news

Gov.kz

Сенатор Марат Қожаев жол-көлік апаттарын азайту үшін жүргізушілердің білімін және дағдыларын тұрақты түрде тексеруді ұсынады

Қазақстанда 2024 жылы 31 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың барлығында зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Бас прокуратура. Сенатор Марат Қожаев жол апаттарының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілердің жеткіліксіз дайындығы деп санайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі

Осыған байланысты, ол Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында автоәуесқойларды оқыту және бақылау жүйесін қайта қарауды, сондай-ақ жүргізушілер үшін әр 10 жыл сайын міндетті түрде қайта аттестациялауды енгізуді ұсынды.

Сенатордың негізгі бастамалары:

✅ Авто мектептерді мемлекеттік бақылауды күшейту.
✅ Жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімі бар жаңа емтихан жүйесін енгізу.
✅ Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін 6 айдан соң міндетті біліктілікті арттыру курстарын енгізу.
✅ Әр 10 жыл сайын жол ережелерін білу және жүргізу дағдылары бойынша міндетті тексеру жүргізу.
✅ Жүргізуші куәліктерін беру процесін Ішкі істер министрлігінің бақылауына беру.
✅ Барлық ірі қалалар мен аудан орталықтарында арнайы ХҚКО және автодромдар ашу.

Сонымен қатар, Қожаев жол инфрақұрылымын реформалау бойынша бірқатар шараларды ұсынды, оның ішінде:
🚦 Көпдеңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерін салу.
💡 Көше жарығын жақсарту.
🚶 Жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу.
🛣 Ірі қалаларды айналып өтетін жолдарды жылдамдатылған тәртіпте салу.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *