МИЛЛИАРД ДОЛЛАРЛЫҚ МИ ЭКСПОРТЫ

Жаңалықтар
view 24
news

Фото: Ақорда

EXPO көрме орталығы, AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумы
🇰🇿 Қазақстан дайын технологияны пайдаланатын ғана ел емес. Біз технология жасап, оны экономикаға енгізе алатын, тіпті, шетке экспорттай алатын мемлекетпіз!
Бүгінгі форумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖИ туралы айтқан ойларын осылай жинақтауға болады!
Мемлекет басшысы AI саласына асқан жауапкершілікпен қарау қажетін тағы бір нықтап өтті. Президент жақында ғана Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын тілге тиек етті.
 "Менің ойымша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді" деді Мемлекет Басшысы.
Қазақстанның бұл салада жетістіктерімен мақтануына әбден болады. Өткен жылы қазақстандық IT қызметтердің экспорты 1 миллиард доллардан асты. "Біздің цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден астам елінде қолданыста" деді Президент
 
 Ендігі міндет: өнеркәсіпте жасанды интеллект арқылы шешуге болатын нақты мәселелердің тізімін шығару. Осы қадамнан соң Қазақстан мен шетелдік командалар қатысатын AI Challenge ұйымдастырылады! Ал, осы додада үздік шыққан жобалар қазақстандық өндіріске енгізілуі керек. Бұл енді тың өріс болары сөзсіз!
Демек, өзіміздің мамандарымыздың, инженерлеріміздің, IT-компанияларымыздың жұмысына сұраныс еселенеді, олар жаңа технология жасап, оны нақты экономикада қолдануға дейін ӨСЕМІЗ!
Бүгінгі форумда да Президент Тоқаев әлемдік алпауыт ЖИ және ІТ компаниялардың басшыларымен кездесіп, көптеген игі келісімдерге қол қойды! IT экспортының, ЖИ экспортының 1 миллиард доллардан асуы - енді басталған жұмыстың алғашқы нәтижесі. Ендігі мақсат жоғары: Қазақстанды технология жасайтын елдердің қатарына шығару!
 
 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *