947 млн жымқырып, 170 миллионын казинода ұтылды: Экс-депутат ұсталды
Видеодан кадр
Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты мемлекеттен 947 млн теңге заңсыз субсидия алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, экс-депутат жалған құжат жасап, ауыл шаруашылығы басқармасына элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы өтініш берген.
Алайда шын мәнінде, ешқандай көшет отырғызылмаған, ал бөлінген қаржының жартысы – 474 миллион теңге күдіктінің қалтасына түскен. Оған қоса, шенеунік ізін жасыру үшін 21 жеке кәсіпкермен келісім жасап, көшеттерді жеткізу, тиеу және орау жұмыстары үшін жалған шарт жасаған. Осылайша, 431 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жымқырған ақшаны заңдастыру үшін әйелі арқылы бағалы қағаздар сатып алып, қосымша 89 млн теңге пайда тапқан. Сондай-ақ, ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер мен Toyota Highlander көлігін сатып алған.
Бірақ ең таңғаларлығы – бұрынғы депутаттың мемлекеттен жымқырған қаржысының бір бөлігін казиноға салып, Қонаев қаласында 170 миллион теңгені казинода ұтылды.
Қазіргі таңда экс-депутат сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Пікірлер (0)