Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады

Қосшы жаңалықтары
view 114
news

Фото: Ақорда

Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Үкіметке осындай тапсырма берілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

- Ұлттық құрылтайдың отырыстарын әр облыста өткізудің ұтымды тұсы бар. Алқалы жиында аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелер де қаралады. Менің тапсырмаммен бүгінгі басқосуға Ақмола облысының бір топ азаматы қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен жастар бар.

Мен осы аймақтың дамуына айрықша мән беремін. Сондықтан Ақмола облысындағы кейбір бастамалар мен жобаларға назар аударғым келеді, - деген Мемлекет басшысы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланғанын еске салды.

- Жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігі Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуға кірісуі қажет. Қаланың Астана іргесінде тұрғанын және тұрғындарының саны тез өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл – өте өзекті мәселе, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *