Қосшы қаласында “Alan Cup” халықаралық волейбол турнирі өтеді
Фотосурет ашық дереккөзден
Қосшы қаласы үлкен спорттық шараға дайындалуда! 11-13 наурыз аралығында алғаш рет 10-13 жас аралығындағы қыздар арасында “Alan Cup” халықаралық волейбол турнирі өтеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жарыс жас спортшылардың шеберлігін арттыруға, елдер арасындағы достықты нығайтуға және волейбол спортының дамуына серпін бермек.
Турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстан командалары қатысады. Қосшы қаласынан екі команда өз шеберліктерін сынға салады:
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы.
“ALAN” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің командасы.
Бұл турнир жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болмақ.
Турнир бағдарламасы
Ашылу салтанаты: 11 наурыз, сағат 11:00.
Турнир ойындары: 11-13 наурыз
Жабылу және марапаттау рәсімі: 13 наурыз, сағат 17:00.
Өтетін орны: “ALAN” дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Баршаңызды қолдау көрсетуге шақырамыз!
Бұл турнир – тек жарыс қана емес, нағыз спорт мерекесі. Жас волейболшыларды қолдап, қызықты ойындарды тамашалау үшін барлық спорт жанкүйерлерін “Alan Cup” халықаралық турниріне шақырамыз.
Келіңіздер, волейболдың қызығын бірге көрейік!
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)