Қосшы қаласының “Кәусар” би ансамблі Халықаралық байқауда Бас жүлде иеленді!

Қосшы жаңалықтары
view 595
news

Фотосурет: Қосшы қаласы мәдениет үйі

2025 жылдың 9 наурызында Астана қаласында өткен Халықаралық би байқауында Қосшы қаласы мәдениет үйінің “Кәусар” би ансамблі үздік өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Бұл жеңіс – ансамбльдің кәсіби деңгейі мен өнерге деген адалдығының жарқын көрінісі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

“Кәусар” би ансамблі қазақтың ұлттық би өнерін дәріптеп, өздерінің жоғары шеберлігін дәлелдеді. Көрермендерді тәнті еткен әсерлі қойылымдары мен орындаушылық мәнері қазылар алқасының жоғары бағасын алып, ансамбльді жеңіс тұғырына шығарды.

Бұл жетістік ансамбль үшін үлкен мүмкіндікке жол ашты. “Кәусар” би ұжымы енді Түркияның Стамбул қаласында өтетін халықаралық байқауда Қазақстанның намысын қорғайды.

Осындай үлкен жетістікке жетуде ансамбльдің ұстаздары мен жетекшілерінің еңбегі зор. Олардың шығармашылық ізденісі мен шәкірттеріне деген қамқорлығы үлкен табыстарға жетелейтіні сөзсіз.

Қосшы қаласының мәдениеті мен өнері өркендей берсін! “Кәусар” би ансамбліне алдағы байқауда сәттілік тілейміз! 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *