Алматы қалалық ТЖД экс-басшысы мемлекеттен 100 млн теңге өтемақы талап етті
Сурет: ашық дереккөзден
Бұған дейін сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ақталған Алматы ТЖД бұрынғы басшысы Руслан Қасыбаев Қаржы министрлігінен 100 млн теңге моральдық өтемақы талап етті. Сот оның талабын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Janabastau.kz.
Сот кабинетінің ресми сайтында Руслан Қасыбаевтың шағымы бойынша сот шешімі шықты. Құжатта талапкер Қаржы министрлігінен 100 млн теңге моральдық шығынды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінгені көрсетілген. Қасыбаев талабын "қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге және қалпына келтіруге" байланысты негізге алған.
"Талапкер бір жарым жылдан астам уақыт бойы заңсыз қылмыстық қудалауда болды. Ол сол уақытта моральдық азапты, атап айтқанда қорлану, депрессия, ұят, жайсыздықты сезінген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етілмесе де, бұқаралық ақпарат құралдарында Р.А.Қасыбаевтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы хабарламалар заңсыз жарияланған", - делінген істің сипаттамасында.
Пікірлер (0)