Алматыда тағы да өрт: 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Жаңалықтар
view 41
news

Алматы қаласында 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Өрт шарпыған жердің жалпы аумағы – 40 шаршы метр. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді, – деп хабарлайды janabastau.kz. ТЖМ мәліметінше, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз күні сағат 22.44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған. Төтеншеліктер 7-ші қабатта орналасқан пәтерде үй заттарының жанып жатқанын анықтаған. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады. Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *