Amanat-тың партиялық тізімі 75 пайыз жаңарды – Ерлан Қошанов
«Amanat»-тың партиялық құрамы 75% жаңартылды. Бұл – елдегі бүкіл өкілдік органдарына ұсынылған 4 мыңға жуық адам деген сөз. Олардың үштен бірі әйелдер. Біздің әрбір бесінші үміткеріміз –жас буын өкілі. Бұл Мемлекет басшысының реформалары мен партия бағытын жүзеге асыруға қабілетті жарқын көшбасшылардың жаңа шоғыры. Біз әлемге бөзгелердің көзімен қарай аламыз», - деді партияның XXV съезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов.
«Біз халыққа жақындай бастадық. Жайлы кабинеттерден шығып, адамдармен зауыттарда, базарларда, аулаларда және ауылдарда ашық сөйлесіп жүрміз. Біз күн сайын адамдардың проблемалары мен қажеттіліктерімен өмір сүреміз және оларды шешу үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз», - деді ол.
Пікірлер (0)