Амилай бір жігітті құлатып салды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр
Амилай атымен танымал Абылай Баймұратов төбелесіп, бір жігітті құлатып салды.
JANABASTAU.KZ басылымының хабарлауынша, трансгендер Амилай біраз жігіттермен төбелесіп, біреуін құлатты.
Желі жұлдызы Алматыдағы көшелердің бірінде бірнеше жігітпен төбелесіп қалды. Видеоларды оқиғаның куәгерлері түсіріп алған. Кадрда Амилай жігіттердің бірін теуіп жіберді.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбаны талқылаған қазақстандықтар блогердің сыртқы келбетін сөз етті. Одан кейін төбелескен жігіттердің де әрекетін сынады.
Instagram парақшасында Stories-те трансгендер телефонының бұзылғанын хабарлады. “Айфон 16 бар болғасын уайымдамай отырмын. Телефонымның әйнегін сындырды. 250 мың теңгеге жөндеп береді екен”, – деді блогер.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтты. "Құқық бұзушылықтың мән-жайы мен орны анықталып жатыр. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады", – делінген ресми мәліметте.
Пікірлер (0)