Ан-24 ұшағы радардан жоғалып кетті: бортта 46 адам болған

Жаңалықтар
view 105
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ресейдің Амур облысында Хабаровск–Благовещенск–Тында бағыты бойынша рейс орындаған Ан-24 жолаушылар ұшағы байланыссыз қалды. Ұшақ радардан жоғалып, борттағы 46 адамның тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. Бұл жөнінде SHOT басылымына сілтеме жасап El.kz порталы хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, әуе кемесі «Ангара» компаниясына тиесілі. Соңғы сигнал ұшақ Тында қаласына жақын маңда болғанын көрсетеді. Алайда дәл қазір лайнермен байланыс орнату мүмкін болмай тұр.

Оқиғаға байланысты құзырлы органдар мен іздестіру-құтқару қызметтері шұғыл түрде іске кірісті. Ресми органдардан қосымша ақпараттар түскен жағдайда, мәліметтер нақтыланып, жаңартылып отырады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *