«Халықтан аямай ақша жиналды»: Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваның қайырымдылық қорын тексеруді талап етті
Сурет: Ашық дереккөзден
Айгүл Орынбек Айдың Нұры қорын тексеруді ұсынды.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек айтыскер, коуч, психолог Айнұр Тұрсынбаеваның қорын да тексеруді талап етті, деп хабарлайды janabastau.kz KYN.KZ -ке сілтеме жасап.
«Айдын Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін! Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды. Бұл — үлкен күдік тудырады»- , деп жазды ол.
Сондай-ақ, елімізде бақылаусыз қорлардың көптігін айтып, оны шенеуніктер ақша алу мақсатында аштыруы мүмкін екенін айтты.
«Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік.
Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған.
Яғни параны айналып өтіп, қор арқылы алады. Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді!
Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс!», - деп жазды ол.
Пікірлер (0)