«Ақ нәсілді адамдар азайып барады»: Илон Маск дабыл қақты
Фото: Reuters
Илон Маск X әлеуметтік желісінде жер шарында ақ нәсілділердің азайып бара жатқанын және жақын арада азшылыққа айналатынын жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Маск жер бетіндегі ақ нәсілділердің саны азайып бара жатқаны туралы бірнеше ақпаратты бөліскен. Сол жазбалардың бірінде “ақ нәсілділер жойылып кету шегінде тұрғаны” айтылған.
Wall Street Apes жобасының мәліметінше, ақ нәсілділердің әлемдегі жалпы саны: 100 жыл бұрын шамамен 35%-ды, 50 жыл бұрын шамамен 20%-ды, 25 жыл бұрын 15%-ты, ал қазір тек 8%-ды құрайды.
Ақ нәсілділер – азшылық, және олар өз елдерін қайта алуы тиіс, – делінген жазбада.Илон Маск бұл жазбаны өз парақшасында бөлісіп:
Егер бүгінгі тенденциялар сақталса, ақ нәсілділер әлемдегі халықтар арасындағы азшылық болып қана қоймай, мүлде жойылып кеткен түрге айналады, – деген пікір білдірді.
Пікірлер (0)