Елена Рыбакина әлемдегі ең табысты теннисшілердің қатарына енді

Жаңалықтар
view 81
news

Фото: persono.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылы 12,6 млн доллар табыс тапқан, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Sportico порталының мәліметінше, соның 4 млн доллары демеушілік келісімшарттар арқылы түскен.

Елена Рыбакина әлемде ең көп ақы төленетін теннисшілер қатарында 9-орынға ие болды.

Бұл көрсеткіш жөнінен әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Кори Гауфф (31 млн доллар) көш бастады.

Әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко (30 млн доллар) екінші сатыға жайғасса, рейтингіде 2-орындағы поляк Ига Швентек (23,1 млн доллар) үздік үштікті түйіндеді.

Sportico мәліметі бойынша 2025 жылы ең көп табыс тапқан теннисшілер:

1. Кори Гауфф (АҚШ) – 31 млн доллар (8 млн сыйақы + 23 млн келісім-шарт);
2. Арина Соболенко (Беларусь) – 30 млн доллар (15 млн + 15 млн);
3. Ига Швентек (Польша) – 23,1 млн доллар (10,1 млн + 13 млн);
5. Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 20,6 млн доллар (1,6 млн + 19 млн);
8. Мэдисон Киз (АҚШ) – 13,4 млн доллар (4,4 млн + 9 млн);
9. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 12,6 млн доллар (8,6 млн + 4 млн);
10. Наоми Осака (Жапония) – 12,5 млн доллар (2,5 млн + 10 млн);
12. Аманда Анисимова (АҚШ) – 10,8 млн доллар (7,3 млн + 3,5 млн);
13. Джессика Пегула (АҚШ) – 10,5 млн доллар (5,5 млн + 5 млн);
14. Винус Уильямс (АҚШ) – 10,2 млн долларов (219 мың + 10 млн).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *