Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жаңалықтар
view 202
news

Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Гүлмира Кәрімова В.И.Ульянова-Ленинатындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған. 

1993-1999 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының экономика, кәсіпкерліктің экономикалық теориясы кафедрасының ассистенті, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының педагогика, психология, философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1999-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы болды.

2007 жылдан бастап Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *