Ақмола облысы ТКШ қызметкерлері күнін атап өтуде

Жаңалықтар
view 187
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақмола облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтуде. 2024 жылдан бастап бұл күн Қазақстан Республикасында ресми түрде белгіленіп, жыл сайын 16 сәуірде тойланады. Мереке 1997 жылы қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға орай бекітілген. Бұл заң алғаш рет ТКШ ұғымына анықтама беріп, тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылымды күтіп ұстауды қамтамасыз ететін ұйымдар кешені ретінде сипаттады, деп хабарлайды, janabastau.kz. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы – өңір тұрғындарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл – үйлердегі жылу мен су, аулалардың тазалығы, жарықтандырылған көшелер мен абаттандырылған аумақтар. Мұның бәрінің артында мыңдаған маманның тынымсыз еңбегі жатыр, олар тәулік бойы жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Қазақстандағы ТКШ саласы кеңестік модельден қазіргі заманғы көп деңгейлі басқару жүйесіне дейінгі үлкен жолдан өтті. 1990-жылдары салада ауқымды реформалар басталды: мемлекеттік субсидиялар жойылып, пәтерлер жекешелендірілді, кондоминиум нысандары басқарудың жаңа нысандарына көшті. Кейіннен мүлік иелері бірлестіктері (МИБ), басқарушы компаниялар мен жекеменшік қызмет көрсетуші ұйымдар құрылды. Бүгінде Ақмола облысында 355 МИБ, 77 ПИК және 59 басқарушы компания жұмыс істейді. Олардың басқаруындағы көпқабатты тұрғын үйлердің саны 900-ден асады.

Облыста жаңғырту бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылдың өзінде 30 шақырымнан астам жылу және 49 шақырымға жуық су құбыры желілері жөнделді. «Тариф инвестицияға айырбас» бағдарламасы аясында 2700 шақырым электр желісі жаңартылып, 900-ге жуық жабдық бірлігі ауыстырылды. Көкшетау қаласында GIZ неміс ұйымы және өзге де серіктестердің қатысуымен көпқабатты үйлерді энергия үнемдеу бағытында жаңғырту бойынша пилоттық жоба басталды. Жоба үйлерді жылылауды, инженерлік жүйелерді ауыстыруды, автоматтандырылған жылу пункттері мен жаңартылатын энергия көздерін орнатуды қамтиды.

Үйлердің қасбеттері жөнделіп, аулалар абаттандырылып, лифт шаруашылығы қалпына келтірілуде. Көкшетау, Степногорск, Атбасар, Щучинск және өзге де қалаларда 127 МКТҮ жөндеуден өтті, 166 лифт ауыстырылды, 91 үйдің қасбеті жылытылып, сырланды, 105 аула жаңартылды.

Бұл күн – коммуналдық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғыс айту күні. Көкшетауда өз ісіне адалдығымен танылған мамандар қатарында – Александр Добычин (ПИК «Надежда-4»), Лариса Кучма («Акбидай»), Галина Волокитина (МИБ «Абая 48»), Людмила Наумова («Центральный 59»), Асем Саркина («Сарыарка 13А/3»), Мурат Исмагамбетов («Жансая»), Золотхан Озиева («Алтын Тірек»). Щучинскіде Анатолий Шуркало («Бытовик»), Бурабайда – Сергей Калмыков пен Светлана Окунева, Степногорскіде – Дюсенбай Шакирганов пен Зульфия Адашева, Ақкөл ауданында – Данияр Бекенов. Есілде электрик – Иван Мельников, Шортандыда – қоқыс көлігі жүргізушісі Анатолий Вебер қызмет етеді.

Ауылдық округтер мен аудандардың ТКШ бөлімдерінің қызметкерлеріне де алғыс білдіріледі: Светлана Шихалева, Татьяна Цуп, Сагынтай Мухамеджанов, Анна Ткаченко, Айман Накбаева, Александр Бирюков, Мирболат Рахимов, Зейнулла Исмагулов және тағы басқалар.

Сала ардагерлері – Александр Мртыненко, Тимур Хамзин, Майра Кожахметова, Ольга Чеша, Кулян Айтбаева, Нуржамал Баимбетова – ТКШ дамуына елеулі үлес қосты. Бүгінде Энергетика және ТКШ басқармасында тәжірибелі мамандар Булат Мейрамов, Ольга Полянная, Тазагүл Сұлтанова еңбек етуде.

ТКШ қызметкерлері күні – әр елді мекеннің тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды саланың маңызын көрсететін күн. Барша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері мен ардагерлерін шын жүректен мерекемен құттықтаймыз! Үйлеріңіз әрқашан жарық әрі жылы, ал еңбектеріңіз – бағаланған болсын. Жаңа жетістіктер мен абыройлы қызмет тілейміз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *