Ақмола облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихатнауқанының қорытындысы шығарылды

Жаңалықтар
view 40
news

Фото

Көкшетау қаласында «Әділет» партиясы Ақмола облыстықфилиалының төрағасы Берген Беспалиновтың төрағалығымен облыстықсайлауалды штабтың қорытынды отырысы өтті. Оған облыстық, қалалықжәне аудандық сайлауалды штабтардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Отырыс барысында сайлауалды үгіт-насихат науқанының қорытындыларышығарылып, партияның 2026–2031 жылдарға арналған Сайлауалдыбағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының негізгі бағыттарықаралды. Сонымен қатар сайлаушылардан түскен аманаттар мен ұсыныстарғаталдау жасалды.

Сайлауалды науқанды ұйымдастыру және өткізу мақсатында өңірде 1 облыстық, 3 қалалық және 17 аудандық, барлығы 21 штаб құрылды. 2–27 қараша аралығында шамамен 6,5 мың іс-шара өткізіліп, 175 мыңға жуықадам қамтылды. Бұдан бөлек, сыртқы үгіт-насихаттың 107 нысаныорналастырылып, 167 мыңнан астам баспа үгіт материалы таратылды.

«Сайлауалды науқан барысында тұрғындармен тікелей әрі ашық диалог орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Еңбек ұжымдарымен, қала және ауылтұрғындарымен өткізілген кездесулер өңірдегі өзекті мәселелердіанықтауға, азаматтардың ұсыныс-тілектерін жинақтауға мүмкіндікберді. Ендігі басты міндет – келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардыжүйелі түрде қарастырып, оларды шешу жолдарын айқындау жәнеСайлауалды бағдарлама аясында кезең-кезеңімен іске асыру», – деді«Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.

Облыстық филиал төрағасының орынбасары Ақманат Әлімбетова 2026–2031 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жолкартасының негізгі бағыттарын таныстырды. Құжат тоғыз басым бағыттықамтиды.

Атап айтқанда, 2031 жылға дейін автомобиль жолдарының нормативтікжағдайдағы үлесін 95 пайызға, халықты газбен қамту деңгейін 70 пайызғажеткізу, шағын және орта бизнестің 255 жобасына қолдау көрсету, 4 920 оқушы орнының құрылысын қамтамасыз ету, 11 отбасын қолдау орталығынашу және бірқатар инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды жүзегеасыру көзделген.

«Жол картасындағы әрбір іс-шара бойынша нақты мерзімдер, нысаналыкөрсеткіштер мен жауапты орындаушылар белгіленген. Сондықтанбағдарламаның іске асырылуына жүйелі бақылау жүргізу, атқарылғанжұмыстардың сапасына және олардың өңір тұрғындарының күнделіктіөміріне тигізетін нақты әсеріне ерекше назар аудару маңызды», – деп атапөтті Ақманат Әлімбетова.

Сондай-ақ отырыс барысында сайлаушылардан келіп түскен 100-ден астамаманат пен ұсынысқа жүргізілген талдау нәтижелері таныстырылды. Олардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтікмәселелерді шешу бағыттарына қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша сайлаушылардың аманаттары мен ұсыныстарын жүйелеу, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау жәнеЖол картасының іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізужөніндегі алдағы міндеттер айқындалды.

Кездесу соңында Берген Беспалинов сайлауалды науқанды ұйымдастыруғажәне өткізуге белсенді атсалысқан кандидаттарға, сайлауалды штаб мүшелеріне және партия белсенділеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *