Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
view 218
news

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан қаза болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Күдікті қашуға тырысқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қарашаға қараған түні тіркелген. Құқық қорғаушылар дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғады.

Полиция мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам оқиғадан кейін қашып кетуге тырысқан. Алайда құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін тәулікке жеткізбей анықтап, ұстаған.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қатаң жаза күтіп тұр

Департамент басшылығы істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Күдікті заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактілері ең қатаң түрде тоқтатылады, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға және тек ресми мәліметтерге сүйенуге үндейді.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *