Ақмола облысында автомобильдер тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Жаңалықтар
view 131
news

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында жаңа қытайлық көліктер тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға 21 қараша күні шамамен 12:00-де, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 239-шы шақырымында тіркелген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Полицияның алдын ала дерегінше, 1979 жылы туған «Ситрак» маркалы көлік тиелген жүк көлігі жүргізушісі Қостанай бағытына қарай кетіп бара жатқан. Ол қарсы алдындағы көлікті басып озбақ болған сәтте рөлге ие бола алмай, жүк көлігі жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Фураның үстінде Қытайда құрастырылған сегіз жаңа жеңіл көлік болған.

Жүргізуші Алматыдан Қостанайға жаңа партияны жеткізу үшін келе жатқан. Апаттан ешкім зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жүргізушінің мас күйде болу-болмауы міндетті түрде тексерілуде. Барлық рәсім аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция ірі жүк көлігін жүргізетіндерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *