Ақмола облысының 522 мектебінде тамақпен қамту ұйымдастырылады
gov.kz
Ақмола облысында 45 мектеп асханасы сенімгерлік басқаруға берілген. 103 мектепте конкурс бойынша тамақтандырушылар анықталып, штатта аспаздары бар 380 мектеп тамақтандыруды өз бетінше ұйымдастырады деп күтілуде, деп хабарлайды janabastau.kz.
468 мектепте ыстық тамақ, 33 мектепте буфеттік тамақтану, 21 мектепте термоспен тамақтану ұйымдастырылады.
Ыстық және буфеттік тамақтануды қосқанда облыс бойынша тамақпен қамту 100% құрайды.
2024 жылға облыстық бюджеттен «Жаппай оқыту» қоры үшін, оның ішінде, аз қамтылған отбасылардағы балаларға тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, бастауыш сыныптардың 57 мыңнан астам оқушысын тамақтандыруға жағдай жасалынған.
«Әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 10 544 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды» - дейді Айнагүл Балташева.
Пікірлер (0)