АҚШ Әзербайжан ұшағы апатын тергеуге көмек көрсетуге дайын

Жаңалықтар
view 447
news

Фото turan.az

АҚШ президенті Джо Байден Қазақстанда орын алған AZAL ұшағы апаты туралы толық хабардар және оқиғаның барысы жөнінде үнемі мәлімет алып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz Вашингтондағы Turan ақпарат агенттігінің тілшісіне сілтеме жасап. 

«Біздің дипломаттарымыз және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің қызметкерлері арқылы Әзербайжан үкіметіне, егер оларға апатты тергеуге көмек қажет болса, біз дайын екенімізді және көмектесуге әзір екенімізді ашық жеткіземіз», – деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джон Кирби журналистерге.

Кирби, сондай-ақ, АҚШ тарапынан жүргізілген бағалаулардың «ұшақтың ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілген болуы мүмкін екенін» растады.

«Қазақстан мен Әзербайжан бұл істі бірлесіп тергеп жатыр. Егер оларға біздің көмегіміз қажет болса немесе сұраса, біз оны ұсынуға дайынбыз», – деп түйіндеді Кирби.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *